30.11.2015, 15:58
Оқылды: 22

ҚР Президенті Ресей мен Түркия арасында комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды

Nazarbayev   Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаға байланысты комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды.


 

«БҰҰ мінберінен мен терроризммен күрестің бүкіләлемдік желісін құруды ұсындым. Біз Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаларға қатты қобалжимыз. Бізге осы оқиғаның барлық мәселелері әлі белгілі емес. Дегенмен, Ресейдің бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, Түркияға бағыт алған да жоқ, террористермен күреске бағыт алған болатын - бұл факт. Күрестегі достар, одақтастар ретінде олар ортақ тіл табысып, ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасқа сызат түсірмеулері керек еді», - деді Н. Назарбаев.

«Мен - Ресей мен Түркияның позицияларын бір-біріне жақындату мақсатында көптеген жылдар бойы жұмыс істеген, оларды достас мемлекет атандыруға тырысқан адаммын. Демирел Үкіметінен бастап Ельцин Президенттігіне дейін сондай жұмыстар атқарылды. Ал осы көптеген жылдар бойы жасалған жұмыстар бір сәтте ғана құрып кетуі мүмкін. Қанша қиын болса да, мен бірлескен комиссия құрып, оның жұмысы бойынша кінәліні тауып, жазалап, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырамын. Мен біздің достарымызды, Ресейді де, Түркияны да осыған шақырамын», - деді Н. Назарбаев.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале