30.11.2015, 11:18
Оқылды: 24

ҚР Президенті: Теңгеге сенімді күшейту қажет

Nazarbayev Ел экономикасын долларсыздандыру мақсатында банктер доллармен сақталатын депозиттер пайызын төмендетеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.


 

«Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға сенімнің нығаюуына қол жеткізу маңызды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», - деді Елбасы.


 

Мемлекет басшысы өз сөзінде күнделік өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатыл алатындығымызды баса атап өтті. Ал доллардан шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға қажет екендігін айтты.

«Депозиттерді теңгемен сақтау тиімді, пайызы жоғары. Ал депозиттердегі доллардың пайызы өте төмен болады, бұған банк келеді. Бұл - долларсыздандырудың бір тетігі», - деді Мемлекет басшысы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале