11.08.2016, 17:22
Оқылды: 29

ҚР Премьер-Министрі Орал әуежайының жұмысын тексерді

Aeroport   ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал әуежайының қауіпсіздік жүйесімен танысты, деп хабарлайды pm.kz.

  Көлік инфрақұрылымының стратегиялық  маңызды нысандарының, бірінші кезекте, әуежайлар мен теміржол вокзалдарының қауіпсіздік мәселелеріне елімізде ерекше көңіл бөлінеді.


  Қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қамтамасыз ету қажеттігі туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев биыл 5 маусымда Ақтөбеде және 18 шілдеде Алматыда орын алған оқиғаларға байланысты өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында айтты.

   «Басқа елдер үлгісінде барлық әуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен, аулаларды - сапалы бейнебақылаумен қамтамасыз ету қажет. Бұл шаралардың барлығы азаматтарға қолайсыздық туғызбауы тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

   Жұмыс барысында терроризм қатері факторын ескерумен қауіпсіздік шараларын күшейту туралы нұсқау барлық тиісті ұйымдарға, оның ішінде Қазақстанның әуежайлары мен әуе компанияларына жіберілді.

   Премьер-Министр Орал әуежайын көріп, оның қауіпсіздік жүйесімен танысты, әуе айлағының штаттық жұмысын қамтамасыз ету шаралары туралы баяндаманы тыңдады.

   Орал халықаралық әуежайы 1972 жылы пайдалануға берілген. Аэровокзал сағатына 200 жолаушыны, ал терминал 100 жолаушыны өткізуге қауқарлы. Әуежай кешені қажетті арнайы техникамен жабдықталған және әуе кемелеріне қызмет көрсететін, жолаушылар және ұшу-қону жолағы мен перрон жұмысын қамтамасыз ететін персоналдар қарастырылған.

   Айта кетейік, 2014 жылы әуежайдың ұшу жолағын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле басталған болатын, жыл соңына қарай, жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін әуежай өз жұмысын жандандырды. Екінші кезең 2015 жылдың мамыр айында басталып, сол жылдың соңында аяқталған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале