25.11.2015, 17:43
Оқылды: 24

ҚР тұңғыш Президент күніне орай Бөрлі ауданында «Жастар жалыны - 2015» атты жастар фестивалі өтуде

Borli jastar   ҚР тұңғыш Президент күніне орай Бөрлі ауданында тұңғыш рет «Жастар жалыны - 2015» атты жастар фестивалінің іріктеу кезеңі аудандық Мәдениет үйінде өтіп жатыр.

Бөрлі ауданында  мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру, аудан көлемінде жас өнерпаздарды анықтау, марапаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ең белсенді және шығармашыл жастардың басын  біріктіру, жастардың бойындағы қабілетті көрсету мақсатында оздырылып жатқан шараны аудандық жастар қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырды.


Фестивалға қатысушы жалынды жастар жеке немесе топтық орындауда эстрадалық әндер байқауы,  терме-толғаулар, жыр-дастандар байқауы, жайдарман ойыны және жеке немесе топтық орындаудағы әлем халықтарының би байқауларынан өз өнерлерін ортаға салуда.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмагулова келіп қатысты.

Фестивальге  әділ бағасын беретін құрамның төрайымы «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» Б. Окаева болса, төрелік ететін эстрадалық әндер бойынша қазылық ететін Бөрлі аудандық демалу орталығының көркемдік жетекшісі Ж. Чугирова, жыр байқауы бойынша республикалық, облыстық жыр-терме байқауының лауреаты, жеңімпазы М. Бақтығұлов, жайдарман ойындары бойынша «Жайық пресс» ЖШС Бөрлі филиалының директор-редакторы М.Жомартов, әлем халықтары биін бағалайтын «Назерке» үлгілі би тобының жетекшісі А. Мұқанғалиевалар.

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалға жолдама алған жастар 26 қараша күні өткізілетін гала концертте көпшілік алдында өз өнерлерін паш етеді.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале