Бүгін облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр» республикалық акциясының басталуына орай онлайн-флешмоб өтті.
Акция қазақстандық интернет пайдаланушылардың бастамасымен барлық аймақта бір мезгілде Астана уақытымен 10 сағат 25 минут 25 секундта басталды.
Еліміздің жастарынан қолдау тапқан бұл акцияда барлық қатысушылар www.25.EL.kz сайтына жеке почта, «Facebook», «Вконтакте», «Тwitter», «Однокласники» сияқты әлеуметтік желілер арқылы тіркеліп, бір уақытта патриоттық бағыттағы суреттермен әлеуметтік желілердегі басты фотоларын (аватарын) өзерту қажет. Өзін Отанының нағыз партиоты санайтын кез-келген тұлға сайттағы ұнаған эффектісін таңдап, басты фотосын «25 жыл» деген жазуы бар еліміздің көк түсті Туы бейнеленген, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендіре алады.
Аталмыш шара М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де де өткізілді. Акция 2016 жылдың 18 ақпанынан 16 желоқсанға дейін жалғасатын болады.
Ләззат ШАҒАТАЙ