24.05.2016, 12:32
Оқылды: 27

«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына-25 күй» атты есеп беру кеші өтті

Jankala esep beru koncerti   Жаңақала мектеп-гимназиясында белгілі күйші, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, жоғары санатты ұстазГүлбар Шуақбаева жетекшілік ететін күй студиясы оқушыларының«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына- 25 күй» тақырыбымен жылдық есеп беру концерті өтті.


   Кеш барысындаансамбльдің орындауында халық  күйі  «Секіртпе», Аманай Қасымовтың орындауында Н.Тілендиевтің күйі «Аққу», А.Еңсеповтің «Хафиз»,  Қ.Ахмедияровтың «Жібек Жетісу», халықаралық байқаудың жеңімпаздары Ернар Талапқалиев пен Мәдидің орындауында Динаның  күйі  «Көгентүп», Құрманғазының «Балбырауыны», Жансезім Сағынованың орындауында Динаның «Партия туралы күй», Гүлбар Шуақбаеваның орындауында «Қазақстанға 30 жыл»және тағы да басқа күйлер шертілді.  Сонымен қатар, бұл кеште шәкірттерінің орындауында белгілі күй композиторлары Қазанғаптың, Есбайдың, Сейтектің, Дайрабайдың бірнеше күйлері орындалды. Қарақат пен Бақытжамалдың орындауында орыстың халық әні «Корбейники» әніне орындалған туынды домбыра менвиоленчель аспабының сәтті үндесуін көрсетсе, бір топ жас күйшілердің орындауындағы С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» вокалмен жарасымды туынды болды. Сосын кешке келген көпшілік оқушылардың орындауындағы танымал күйлердің заманауи классикалық үлгілерін тыңдап, әсерлі кештің куәсі болды.

    Кеш соңында Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары О.Сапарова кеш иесінің еткен еңбегін бағалап, саз мектебі атынан Алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале