2.06.2016, 11:35
Оқылды: 16

ҚР халық әртісі Қажыбек Бекбосынның «Қасиетті елге тағзым» атты шығармашылық кеші өтеді

Bekbosin    Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен үcтіміздегі жылдың 8 маусым күні сағат 18.30-да облыстық филармонияның концерт залында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосынның мерейлі 70 жасқа  толуына орай «Қасиетті елге тағзым» атты шығармашылық  кеші өтеді.


   Бағдарламада Ақан сері, Біржан сал, Мұхит Мералыұлы, Әсет, Ғарифолла Құрманғалиев, Кенен Әзірбаев, Ілия Жақанов, халық әндері мен термелері орныдалатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале