8.09.2016, 12:19
Оқылды: 15

ҚР ІІМ орынбасары және ТЖ комитетінің төрағасы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

%d0%b8%d0%bb%d1%8c%d0%b8%d0%bd-%d1%87%d1%81Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин және Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Беккер Владимир Робертович Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.


Сапар кезінде министрдің орынбасары гарнизонның жеке құрамына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының лауазымында болып, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығын, генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлын таныстырды.

Ю.В. Ильин екі жылға жуық Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған М.Кульдиковке табысты еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%be%d1%80%d0%b5%d0%bc%d0%bc%d0%b0%d1%88Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин және Комитет төрағасы В.Беккер гарнизонның өрт сөндіру бөлімдерінің, Жедел-құтқару жасағының материалдық-техникалық базасымен танысып, «Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан филиалына барып шықты. Облыстық ТЖД және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қарамағындағы техникалар мен құрылғылардың жай-күйі мен даярлығы тексерілді.

Министр орынбасары өрт-техникалық орталыққа барып шықты. Аталған мұражай өртке қарсы қызметтің өткен жылдарының даңқын көрсетумен ерекшеленіп, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарға жауап береді, бір жарым ғасырлық өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында орналасқан.

Бұдан соң Комитет басшылығы басты қызметі өртке қарсы техникасының өндірісі болып табылатын, «Ораларгореммаш» АҚ зауытындағы өрт сөндіру автокөліктері өндірісінің үдерісімен танысты.

БҚО ТЖД мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале