4.11.2015, 9:01
Оқылды: 20

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі - Зеленов ауданында

Zelenov sakadai sai   Зеленов ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, ҚР қорғаныс министрлігінің өкілі Ермек Мамонов, облыстық аумақтық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Қанат Жұмалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі  бөлім  басшысы Ғабділжәлел Ниязалиевтер қатысып, өзіндік ойларын ортаға салды.

Белгіленген аймақта сап түзеген қордағы әскери міндеттілер, медициналық, өртке қарсы, жол және көпір, ақпараттандыру, хабарлау және байланыс, қоғамдық тәртіпті қорғау, химия-радиациялық заттардан қорғау, транспорттық тасымал, техникалық, энергетика қызметтерінің жедел жасақ топтары кез келген төтенше жағдайға сақадай-сай екендіктерін көрсетті.

         www.zhaikpress.kz

Динара Беріш

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале