1.06.2016, 11:47
Оқылды: 26

Қуанса, балалар қуансын!

????????????????????????????????????

  Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз!» атты концерттік бағдарлама өткізілді.


    Бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтаған аудандық  педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің  басшысы Айбек Зейнуллин балғындарға балалық шақ аясында шат күлкі, қуанышты күндер тілесе, Қаратөбе аудандық сотының судьясы Олжас Миралиев балаларды мерекелерімен құттықтап, еліміздің ертеңі бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тіледі. Мерекелік шара барысында белсенді жастар сайықымызақ киімдерін киіп, бүлдіршіндерді ортаға алып би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.

    Қаратөбе колледжі студенттері әсем әндерін шырқап, ауданымыздың спорт саласында намысын қорғап жүрген Бауыржан Шүрмен «Жан сырым», республикалық байқаудың жеңімпазы  Қайрат Байғұтты  Құрманғазының «Адай» күйін орындады.

    Шара соңында аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің  тәрбиеленушілеріне ойыншықтар мен тәтті тағамдар үлестірілді.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале