28.05.2015, 0:59
Оқылды: 90

Қуантсаң - балаларды қуант!

  Kaztalovka kuantsan balalardi kuant Адам баласы қиындықты  басына тілеп алмайтыны белгілі. Мына бір жарық дүниеге келген адамның өз тағдыры болады. Бірақ бір ақиқат бар. Қай адам болмасын, бақытты өмір сүргісі келеді. Алайда арамызда тағдырдың жазуымен күн сайын аурумен алысып, басқалармен тең жүре алмай, жазмышқа көнген жандар да бар. Дегенмен олар қоғамнан сыртқары қалып жатқан жоқ. Оларға әркезде де көмек қолы созылуда.

Мәселен, аудан бойынша 215 мүмкіндігі шектеулі балалар болса, соның 38 – і аудандық педагогикалық түзеу кабинетінде білім алып, денсаулықтарын да сауықтыруда.

Сонымен қатар Салтанат Дүйсенғалиева жетекшілік ететін «Қызыл ай» қоғамы да бұл жандарға қол ұшын созып келеді. Жаны ізгі, өмірде көргені де, түйгені де мол Салтанат апамыз қайырымдылық істерден шет қалып көрген жоқ.

Соның айғағындай 28 мамыр күні аудан орталығындағы үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 6 балаға аудандық «Қызыл ай» қоғамы және аудандық педагогикалық түзеу кабинеті 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесі алдында сыйлықтар табыстады. Осы сыйлықтарды табыстай отырып, ауданда өтетін балаларды қорғау мерекесі күніне оларды қатыстыратындарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале