7.10.2016, 13:43
Оқылды: 31

«Қызыл-ай» балаларды қуанышқа бөледі

%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bb-%d0%b0%d0%b9Қайырымдылық айлығына орай «Қызыл-ай» қоғамдық ұйымының төрайымы Салтанат Дүйсенғалиева көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және педагогикалық-психологиялық түзеу  кабинетінің оқушыларына сый-сияпаттарын тарту етті.

Әлеуметтік педагог Альбина Рысқалиева,  ерте жастан дефектолог Элеонора Жәрдемәлиева бұл берілген  мектеп үлгісі киімдерін 15 балаға үлестіріп берді. Қайырымдылық айлығына арналған кездесуде педагогикалық-психологиялық кабинетінің  тәрбиеленушісі Қарақаттың анасы  Гүлдәрия Жүсіпова осындай көмек қолын созып жатырған «Қызыл-ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Дүйсенғалиеваға ризашылығын жеткізді.

Бірлестік төрайымы балаларды қайырымдылық жасауға, бір-біріне мейірімді болуға, қомқорлық көрсете отырып, болашақтарының жарқын болуын тіледі. Барлық балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

Жұлдыз АСҚАР

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале