8.06.2016, 19:09
Оқылды: 21

Қызықты демалыс – «Балдәуренде»

ZH-350x350  Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Қаратөбе ауданы бойынша лагерьлер жұмысын бастады.

   Шалқар көлі жағасындағы аудандық «Балдәурен» демалыс лагерінде 6 маусым –  23 тамыз аралағында 10 кезеңде 250 баланы демалту жоспарланған.

   Шалқар көлінің шипалы суына шомылып, Сантас, Сасай тауларының саф ауасымен тыныстап, жазғы демалыстарын жаз қызығына бөленбек ұл-қыздардың қуанышында шек жоқ.


  Тәрбиешілерінің күнделікті ұйымдастыратын мәдени, танымдық, спорттық шаралары балалардың уақыттарын ерекше әсермен өткізуіне, ойы мен дүниетанымдарының тереңдей түсуіне ықпал ететіндігі даусыз.

    Лагерьде демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Бес уақыт тамақ беріледі, күн режимін сақтай отырып, көл суына шомылып, тауға шығып, түрлі шаралар өткізу жоспарда бар.

 www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале