13.10.2015, 15:12
Оқылды: 33

Қыз-келіншектер де волейболға көптеп келуде

волейболАқжайық ауданының 18 ауылдық округінде волейболды сүйіп ойнайтын жастар да, ересектер де аз емес. Соңғы кезде қыз-келіншектер командаларының қатары нығайып келеді, олардың арасында жарыстар жүйелі түрде өте бастады.

Бұған аудан әкімі аппаратының өз командасы тарапынан да, аудандық «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінен де бастамашылдық қозғау салуда. Жаттықтырушылар ойынның қыр-сыры жөнінде дәрістер ұйымдастырып келеді.

Жуырда әйелдер арасында ұйымдастырылған аудан біріншілігі бұл ойынға ерекше серпіліс әкелді. Тартысты ойындар нәтижесінде І орынға аудан әкімі аппараты, ІІ орынға аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп, ІІІ орынға Тайпақ ауылдық округінің командасы ие болды. Қос бірдей әуезовтік Гаухар Мұхамбетқалиева «Үздік қорғаушы», Таңшолпан Сарқұлова «Үздік шабуылшы», тайпақтық Мөлдір Тасқынбаева «Үздік байланыстырушы», аудандық аурухана командасынан Айдана Есенғалиева «Үздік ойыншы» аталымдарын иеленді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале