14.09.2015, 10:21
Оқылды: 29

Қылмысты тіркеуден жасырғаны үшін 2 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Akjayik kaz prokuraturasi   Ақжайық ауданы №2 сотының үкімімен, Ақжайық ІІБ-нің Тайпақ полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік тобының учаскелік полиция инспекторлары Аскар Сериков пен Еділ Асылбекұлы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аудандағы Кеңсуат ауылынан Д.Орынгазиевтың автокөлігінен ұрланған жеке мүліктері туралы хабарламаны ала тұра, олар бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жасырған.

– Сөйтіп, қылмыстық теріс қылықты немесе оны тіркеуден қасақана жасыру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекетімен, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 433-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағандары үшін әрқайсысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларға кесілді,-деді Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары, І сынып заңгері Ерлан Жаңбырбай.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале