18.05.2016, 12:20
Оқылды: 14

Қылмыс жасалды деп, жалған сөз жеткізген тұрғын сотталды

sot   Тасқала аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 419-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін Жанболат Қисанов айыпты деп танылып, оның 2 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.


    БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ж.Қисанов биылғы 26 ақпанда мас күйінде Тасқала аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмек алуға жүгініп, сонымен бірге белгісіз үш адамның өзін ұрып-соққанын жеткізген. Сол күні оның арызы ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Алайда тергеу барысында Ж.Қисановтың полиция қызметкерлеріне өтірік айтқаны анықталды. Яғни, ол дене жарақатын Ақтау ауылындағы өз үйінде абайсызда құлап, содан алған. Ол аудан орталығында қонатын жері болмағаннан кейін мас күйінде ауруханаға жатқызбайды деп қорқып, жалған мәлімет берген.
Үкім заңды күшіне енді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале