10.11.2016, 10:17
Оқылды: 129

Қылқалам шеберінің 50 жылдығы аталып өтілді

Ескерткіш тақта ашылды

 

%d0%b5%d1%81%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%ba%d1%96%d1%88-%d1%82%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Сырым ауданында Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Жоламанов Мұратбек Тауфихұлының 50 жылдығы аталып өтілді.

   Атаулы күнге жоспарланған шаралар Жосалы ауылдық округінде басталды. Округ орталығы Қоңыр ауылында Мұратбек Жоламанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. М. Есламғалиев көшесінде орналасқан бұл үйде суретші 1972 – 1985 жылдары аралығында тұрған.

    Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы шарасына зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.


Суретшінің атындағы сынып ашылды

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%88%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%81%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%bf-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b    Жосалы ауылдық округіндегі А. Жұмағалиев атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, суретші Мұратбек Жоламанов атындағы сынып ашылды. Бұл ұсынысты аудандағы қоғам белсенділері кейінгі кездері айтып жүрді.

    Жаңа сыныпта суретші Мұратбек Жоламановтың шығармашылығына арналған «Жақсының аты өлмейді» атты шығармашылық сабақ өтті. Сабақты педагог Мұрат Рамазанов өткізді.

    Шара қатысушылары Мұратбек Жоламанов атындағы сыныпта өткен Қазақстан Суретшілері Одағының мүшелері Сатыбалды Құлкенов пен Бақтығали Оразовтың шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.

 

Мұратбек Жоламановқа кеудетұғыр қойылды

 

%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d2%9b%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d1%83%d0%b4%d0%b5%d1%82%d2%b1%d2%93%d1%8b%d1%80-%d2%9b%d0%be%d0%b9    Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Жоламанов Мұратбек Тауфихұлына орнатылған кеудетұғырдың салтанатты ашылуы болды.

     Жаңа мүсін Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығының ауласында орналасқан.

   Кеудетұғырдың салтанатты ашылуы рәсімін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов және суретшінің анасы Мәриям Жоламанова мен жары Гүлжәміш Бәкейқызы жүргізді.

    Жерлес суретшінің 50 жылдығы құрметіне аудан көлемінде оқушылардың сырттай сурет байқауы жарияланған еді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері осы шарада марапатталды.

    Кейінірек шараның арнайы меймандары Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығындағы Мұратбек Жоламанов атындағы «Жас суретші» көркемсурет үйірмесінің жұмысымен танысты.

Мұратбектің мұралары – туған жерінде

%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%96%d2%a3-%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d1%82%d1%83%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5     Сырым аудандық мәдениет үйінің фойесіне Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Мұратбек Жоламановтың жұмыстары көрмеге қойылды. Көрмені аудан тұрғындары үлкен ықыласпен тамашалады.

         Сырым Датұлы атындағы тарихи өлкетану музейінде Мұратбек Жоламанов бұрышы ұйымдастырылды. Бұрышта суретшінің жұмыс жабдықтары, жеке дүниелері қойылған. Жәдігерлер суретшінің жары Гүлжәміш Бәкейқызының қорынан алынды.

Мұратбек мұралары жинақ болып жарық көрді

 

%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b6%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d2%9b-%d0%ba    «Арманы асқақ арғымақ». Осындай атпен Мұратбек Жоламанов мұраларының жинағы жарық көрді. Жинақтың тұсаукесері де суретшінің атаулы күнінде өтті.

     Бұл еңбекте суретшінің шығармашылық мұралары каталог -  альбом есебінде жинақталған. Жинақты құрастыру жөніндегі идеяның авторы – аудан әкімі Абат Шыныбеков. Құрастыру жұмыстары Сырым Датұлы атындағы тарихи өлкетану музейінде жүргізілді. Кітап «Сырым Датұлы» атындағы қоғамдық қордың қаржылай қолдауымен шығарылды.

Әдеби – сазды кеш өтті

 

%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%b1%d0%b8-%d1%81%d0%b0%d0%b7%d0%b4%d1%8b-%d0%ba%d0%b5%d1%88-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96     Күн «Арманы асқақ арғымақ» атты әдеби сазды кешпен қорытындыланды. Қорытынды шарада мәдениет саласының ардагері Құжырғали Төлеуішов, ақын Сағынтай Бисенғалиев, ардагер ұстаз Бауыржан Раянов, ҚР Суретшілері Одағының мүшелері Сатыбалды Құлбеков, Бақтығали Оразов және Қуандық Мәдір сөз сөйледі. Арнайы сөзді Жоламановтар әулеті алды.

          Кештің соңында аудан әкімі Абат Шыныбеков Жоламановтар әулетіне құрметін білдірді.

      Алдағы жылдан бастап Сырым ауданында Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші Мұратбек Жоламанов атындағы өңір суретшілерінің дәстүрлі байқауы жарияланады. Бұл туралы өзінің сөзінде аудан әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале