14.07.2015, 19:57
Оқылды: 56

Қысқа дайындық барысы қаралды

Janakala kiska dayindik  Жаңақала ауданында аудан әкімдігінің  актив жиналысы болып өтті. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов,аудан әкімінің орынбасары Д.Закарин,  аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, «Нұр Отан»  партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р.Саматов, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Аудан әкімі жүргізген жиналыста күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды.

Алдымен бірінші және екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Дархан Закарин  сөз сөйлеп, аудандағы мал азығының дайындалуы, жалпы қыстақтардың қысқа дайындығы және әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Баяндамадан кейін әр бір селолық округ  әкімдері өздерінің  округтеріне қарасты мал азығының дайындығы, бурцеллез ауруымен күресудегі атқарылып жатырған жұмыстар туралы жеке-жеке есеп берді.

Мәжілістің соңында аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің қаулысы қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале