24.11.2016, 18:30
Оқылды: 31

Оралда қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

15218240_10207796004790488_924209511_nЕртең, 25 қарашада, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үкіметтік емес ұйымдардың 25 бастамасы» акциясы аясында Орал қаласындағы Гагарин атындағы кинотеатрда Орал киноклубы мен «БҚО азаматтық альянсы» бірлестігінің ұйымдастыруымен алғашқы «ZHAIK» қысқа метражды фильмдер мен әлеуметтік роликтердің фестивалі өтеді. Жобаға облыс әкімдігі мен қаладағы бизнес-қауымдастық қолдау білдіруде.  Бұл жайында аталған кинотеатр ғимаратында өткен брифингте мәлім болды.


15226471_10207796003310451_568090152_nФестивальге Ресейден келген режиссер Лев Вахитов пен қазақстандық әртіс Гүлнар Селбаева, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінің жүлдегері Дархан Төлегенов қазылық етеді.

Байқауға қатысатын 14 кәсіби және әуесқой кинематографист туындыларын ұсынады.

«Фестивальді жыл сайын тұрақты өткізбекпіз. Алдағы уақытта байқауды республикалық дәрежеде ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Фестивальдің мақсаты – кино өнеріне  құштар талантты режиссерлерді анықтау, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына, көпшілік  алдында танылуына жәрдемдесу, сапалы түсірілімдерді іріктеу», – деді фестиваль ұйымдастырушысы, Орал кино клубының жетекшісі Тұрар Төлегенов.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале