1.11.2016, 16:32
Оқылды: 26

Қысқа толық дайынбыз

14954285_589175604613861_1644601699_oОрталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында күзгі-қыс мезгіліндегі қалалық коммуналдық қызметінің жұмыстары талқыланды.


Брифингке Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесі басшысының міндетін атқарушысы Бекжан Тоқжанов және «Жайық Таза Қала» ЖШС директоры Болат Әмірғалиев қатысты.

- Қала бойынша жалпы жолдың ұзындығы 580,9 км құрайды. Соның ішінде асфальтпен қапталғаны 284,8 км. Қала ішіндегі жол байланысы мәселелері бойынша «Жайық Таза Қала» ЖШС қызмет етуде. Эксплуатация бөлімі қалың қар жауған және көктайғақ кезеңдеріне арнап қозғалыс техникасын құрастырды. Әр көшеге арнайы топ қызметкерлері бөлінді. Сондай-ақ төтенше жағдай болған жағдайда тәулік бойы қызмет ететін мобильді топ бар. Жүргізушілер, механизаторлар және басқа да жұмысшылар арнайы мамандардың қадағалауымен тәулік бойына күзет жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні мекемеде 610 адам қызмет етуде,- деген Бекжан Нұрланұлы аталмыш мекеменің құрамындағы қозғалыс құралдары мен арнайы техникалардың тізімін атады.

Шара соңында баспасөз мәслихатына қатысушы сала басшылары журналистердің сауалдарына жауап қайтарды.

 

Айым Төлеуғали

«Орал өңірі»

         www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале