4.11.2015, 16:15
Оқылды: 17

Қыс маусымына дайындық пысықталуда

Brifing akimat     «Қазақстан Орал» телеарнасында өткен брифингте шаһарымыздың жол жүйелерінің қыс маусымына   дайындығы туралы мәселелер ортаға салынды.

Баспасөз мәслихатына  Орал қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бекжан Тоғжанов және көп салалы жол пайдалану мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Серік Ғұбашев қатысты.

Алдымен сөз алған Бекжан Тоғжанов шаһарымыздағы жолдардың жағдайына тоқталды. Оның айтуынша қала бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 580,9 шақырымды құраса,  оның 287 шақырымы немесе 49,4%-ы асфальтталған. Ал сол жолдың 45,4%-ы тозығы жеткен.

Жыл сайын жолдарды қайта жөндеу, күрделі және орта деңгейде жөндеу жұмыстары атқарылып келеді. 2015 жылы Орал қаласының ішкі жолдарын жөндеуге 3,6 млрд.тенге бөлініп, бұл қаржыға жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайтын шаһардың 16 көшесі мен 2014 жылы жөндеу жұмыстары  басталған 13 көшесінің жолдарын аяқтау көзделген.  Қазіргі таңда Алматинский көшесі мен Еуразия даңғылы, Чкалов, Шоссейный, Некрасов,  Лермонтов, Сарайшық көшелері мен Деркөлге қатынайтын жолдағы  жұмыстар аяқталды. Ал Есқалиев, Қазталов, Шубин және Байтұрсынов көшелеріндегі жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталады, - дейді Орал қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары Бекжан Тоғжанов.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале