16.10.2015, 11:00
Оқылды: 17

Қыс қыр астында

кыс келдиҚазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте мәдени орындардың және білім, тәрбие ордаларының қысқы маусымға әзірлігі жөнінде аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Қайрат Абдуловтың, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдиннің хабарламалары тыңдалды.

Жалпы, әлеуметтік мекемелер қысқы маусымға барынша әзірлікпен келіп отыр. Қатты және сұйық отынмен қамтылатын орындарға қажетінше олар жеткізілген. Сондай-ақ газбен жылытылатын орындардың қазандықтары да жөндеуден өткізіліп тұр.

Дегенмен Тереңкөл, Қошанкөл, Талдықұдық ауылдық округтеріндегі жылыту қазандықтары талапқа сай емес. Бұларды қадағалау ауылдық округі әкімдері тарапынан да, тиісті бөлім басшыларынан да төмен дәрежеде.

Сонымен қатар аудандық газ шаруашылығы мекемесіне сын көптеп айтылуда. Әсіресе, елді мекендердегі газ құбырларының жөнделіп, сырлануы талапқа сай емес. Бұл мекемеге жеке тұрғындардың да өкпелері қара қазандай. Газды пайдаланғаны үшін тиісті төлемді аларда бұл мекеменің қызметкерлері тым «ұшқыр» болып кетеді де, ал жөндеу жұмысына келгенде оларды шақырып ала алмайтындай жағдайлар болады.

Міне, мәжілісте осы мәселелер төңірегінде түрлі сындар мен пікірлер айтылды және тиісті қаулылар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Серік Жұмағалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале