5.11.2015, 11:06
Оқылды: 19

Қыс-2015 дайындық ойдағыдай

ZelenovKis   Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыповтың қыс мезгілінде аудан аумағындағы азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру туралы бұйрығына сәйкес аудандық жедел жасақ топтарының дайындығы тексерілді.

Берілген дабылдан соң белгіленген аймаққа сап түзеген азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет, өртке қарсы қызмет, жануарлар мен өсімдік қорғау қызметі, хабарлау және байланыс, қоғамдық тәртіпті қорғау, химия-радиациялық заттардан қорғау қызметі, транспорттық тасымал, техникалық, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жедел жасақ топтары кез келген төтенше жағдайға сақадай сай екендіктерін көрсетті.

Шара басында аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Амантай Жұмақұлов аудан орталығы мен Орал қаласын қосып тұрған жолда көктайғақ пайда болып, тас жолдың 21 шақырымында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан жол бойында кептеліс пайда болып, автобус жолаушылары ішінде жарақат алғандар да бар екендігін айтқан мәлімдеме жасады. Содан соң осы оқиғаның салдарын жою туралы жедел жасақ сарбаздарына тапсырма берілді.

Апат орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтқан әр жасақ командирлерінің іс-әрекеттері көңілінен шыққан аудан әкімінің орынбасары Амангелді Туғызбаев азаматтық қорғаныс жасақтарының қысқа дайындығы ойдағыдай екенін айтып, барлық қызмет дайындығы назарда болатындығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале