3.02.2016, 15:56
Оқылды: 29

Қытайлық COFCO компаниясы Зеленов ауданында қызанақ пастасын өндіретін зауыт салмақ

Kizanak    Зеленов ауданына қытайлық COFCO компаниясының өкілдері іс- сапармен келген болатын.

Аспан асты елінен келген аталмыш компания өкілдері біздің өңірімізде қызанақ пастасын өндіретін зауыт салмақ ниетте.


Алдымен Январцев ауылына ат басын тіреген олар осы жерден 1 мың га. жер телімін алып оған қызанақ өсірмекші. Сонымен бірге қызанақ пастасын өндіретін зауыт салынуына қосымша жерді жалға алатын болып келісімге келген.

Zelenov kitailar

«Келісіп пішкен тоң келте болмас» дегенді ұстанған компания өкілдері содан соң Махамбет ауылын аралауды құп көрген. Мұнда олар жергілікті «Алтын болашақ» жылыжайынан 200 м2 орынды өзара келісіммен  алып зерттеу ретінде 2 га. қызанақ өсіруді жоспарлап отыр.

Kizanak02

Өнім жақсы болған жағдайда  ауқымды істер атқарылып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Айта кететіні, компания қызанақ өсіріп, өнімін өндіруде дүниежүзінде екінші орында екен.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале