25.05.2016, 19:38
Оқылды: 74

«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»

Sirim Algabas mektebi Naksot    Бүгін М. Қаналиев атындағы жалпы білім беретін Алғабас орта мектеп – балабақша кешенінде «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» атты 2015 – 2016 оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева, Алғабас ауылдық округі әкімі Өркен Әменов және «Мақсат» медициналық колледжінің директоры Мақсот Берген қатысты.


   Биыл М. Қаналиев атындағы жалпы білім беретін Алғабас орта мектеп – балабақша кешенін 27 түлек бітіргелі тұр. Олардың 2 – еуі «Алтын белгі» білім сапасына үміткер. Мектеп осы оқу жылын жалпы саны 242 оқушымен аяқтап отыр. Кешегі жылдарға қарағанда оқушылар санында кәдімгідей өсім бар. Оқу жылын мектептің 75 оқушысы үздікке аяқтады. Үздік білім нәтижесін көрсеткен оқушыларды мектеп директоры Сәлмен Ибрагимов мақтау қағазымен марапаттады.

    Ауданның спорт және мәдениет саласындағы өміріне өзіндік үлесін қосқан оқушыларға сала басшылары атынан алғыс хаттары тапсырылды.

    Мектеп оқушыларын кезекті оқу жылының аяқталуымен аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

    -Білім саласындағы жасалған жұмыстар, болжалынған істер, барлығы да – кейінгі ұрпақтың сапалы білім алуы үшін. Ұрпақ білімді болып қалыптасса ғана, елдік мақсаттар орындалады. Елбасының Үкіметтің және жергілікті биліктің алдына қойған басты міндеті – осы.

    Құрметті жас достар! Сіздердің білім алудағы жеткен әрбір жетістіктеріңізді елдің дамуына қосылған үлкен үлес деп санаймын. Оқушының мектепте алған білімі – ол болашағының іргетасы. Сол білімді үздік игерсе, іргетас та мықты деген сөз. Мықтыіргетасыбар ғимарат та мықты болмай ма? Мен сіздерге осындай мысал айтамын. – деді ауданның басшысы оқушыларға қарата.

    Салтанатты жиында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева, ата – аналар атынан Ақзила Қаразимова сөз сөйледі. Оқу жылының басында мектептің 2 оқушысына «Мақсат» медициналық колледжінің директоры Мақсот Бергеннің атындағы шәкіртақы тағайындалған болатын. Жиында жерлесіміз Мақсот Берген шәкіртақыны иегерлеріне табыс етті.

   Бұл шараға Алғабас ауылындағы орта мектепті 1966, 1986 және 1996 жылы бітірген түлектер арнайы қатысты. Олар құттықтау сөздерін сөйлеп, мектепке сыйлықтарын ұсынды.

   Салтанатты жиын мектеп бітіруші түлектердің вальсіне жалғасты. Сыныптастары атынан Айкүміс Мәжік арнау өлеңін оқыды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале