24.07.2015, 15:38
Оқылды: 16

Құндылықтар насихатталуда

Satibaldiev mars  Орал қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік кеңес отырысы өтті.

Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Сатыбалдиев, ҮЕҰ мүшелері, еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері  қатысты.

Кеңес барысында 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары мен әлеуметтік тапсырыстар аясындағы іс-шаралардың  есебі тыңдалды. Алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары М. Сатыбалдиев: - Облыс бойынша  600-ге жуық ҮЕҰ-ның 409-ы Орал қаласында тіркелген. 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында 6 млн. теңге қаражат бөлінді. 2014 жылы  бұл көрсеткіш 5 млн. 600 мың теңгені құраған болатын. Жыл сайын ҮЕҰ-ның ықпалымен қоғамдағы өзекті мәселелер оң шешімін тауып келеді. Сондықтан отбасылық тәлім-тәрбие, жастардың дінге көзқарасы, ардагерлерді құрметтеу сынды тақырыптарға алдағы уақытта да басымдық берілетін болады, - деді.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Нарымбетов ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, тұрғындарға әскери-патриоттық тәрбие беру, отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған 6 жобаның  қарастырылғандығын атап өтті. Одан әрі Білім және ғылымды дамыту, қорғау туралы "Ақжол" Батыс Қазақстан қоғамдық қорының төрағасы М.Сдықов баядама жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай атқарылған шаралармен таныстырды. Сондай-ақ, "БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тайманов Орал қаласында ашылған Чернобыль АЭС-ы апатының зардабын жоюға қатысушыларына арналған мемориалдық кешеннің құрылысына атсалысқандарды салтанатты түрде марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Ләззат  ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале