16.06.2015, 18:49
Оқылды: 35

«Құндылықтар құлдырауда»

Kyndilik  Облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында «Ұлттың рухани құндылығы-басты байлық» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Оған зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алысты және ортақ түйінге келді.

Алқалы бас қосуды халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық бөлімшесінің төрағасы Болат Жексенғалиев ашып, хабарлама жасады. Ол осы жиынға «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған (№85, 13,3. 2015 жыл) атақты академик Төрегелді Шармановтың «Құндылықтар құлдырауда» атты мақаласында көтерілген қазақтың ұлттық руханиятына қатысты ой-пікірлерді ұсынып, соған орай үн қосуды өтінді. Бір айтарлығы-аталмыш мақала Елбасымыз Н.Назарбаевтың да көзіне түсіп, ол оны оқып болғасын, бүкілхалықтық пікірлесудің өзегіне айналар мақаланы талдауды онан әрі жалғастыруды тапсырыпты. Мақалаға орай үн қатқандардың ішінде өңірдің белгілі пәлсапашы ғалымы Тілекжан Рысқалиевтің де жүрекжарды толғамы бар.-Әр ұлттың да екі негізі бар. Олар-ана тілі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Осыдан екі ғасыр бұрын тегі неміс, атақты орыстың ғалымы В.Радлов «Қазақ тілі-түркі тілдерінің ең тазасы» деп тамсанған болатын. Ал күні кеше ғана өмірден өткен немістің тағы бір тамаша ұлы, ұлтымызға жанашыр Герольд Бельгер:«Қазақ тілі-бүгінде қойыртпаққа айналған» деп, күңірене айтты. Бұл да ұлтымыздың рухани құлдырауының бір белгісі. Өкініштісі сол, соңғы жылдары тілімізге қатысты бірде бір жөні түзу бағдарлама орындалған жоқ,-деді өз пайымдауында Б.Жексенғалиев.

Оның ойын БҚГА директорының ғылым және халықаралық қатынастар бойынша орынбасары Мұрат Сабыр әрі қарай жалғастырды:-Рухани құндылықтар ұлттық мәдениеттен туындайды. Ал ұлт болып қалыптасу үшін 1000-1200 жыл керек. Міне, кезінде мықты қалыптасқан ұлттық рухани құндылықтарды тойқұмарлық, атаққұмарлық сынды жегіқұрт құртып барады.

www.zhaikpress.kz

Серпін Саяқ   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале