19.05.2015, 18:18
Оқылды: 30

Құралайдың «қылығы»

JAnakala kuralaidin kiligi   Жылда жайлы өтетін бұл кезең биыл алай-дүлей дауылымен, әлсін-әлсін торлаған сұсты бұлтымен, сәт сайын төгетін жауынымен, бұршағымен есте көпке дейін қалатын болды. Бәрінен де қиналғаны ескі бағандары мен көнерген желілері бар электр мен байланыс саласы мекемелері болды. Бүгін Жаңақала ауылының А.Оразбаева көшесі бойындағы 5 телеграф бағаны екпіні атанды теңселтіп, ешкіні көкке көтерер желдің қайратына қауқар көрсете алмай, сұлап түсті.

-Өткен ғасырдың 70-80 жылдары Пятимар, Қызылоба, Бірлік ауылдарын байланыспен қамту үшін тартылған желі еді. Былтыр оптикалы-талшықты кабелдерге көшкеннен кейін бұл желіні қазір тек Бірлік ауылы ғана пайдаланып тұр. Бүгін бірліктіктер байланыссыз қалды. Кешке дейін бағандарды көтеріп, байланысты қалыпқа келтіреміз, - дейді ауданымыздағы «Қазақтелеком» АҚ филиалы,телекомуникация торабының басшысы Сәтжан Габдуллин.

Сұлап жатырған бес баған маңайдағы үйлерге емес, көшеге қарай құлапты. Егер желдің бағыты қарсыдан болғанда тұрғын үйлер есебінен шығын көлемі де анағұрлым көп болар еді. Абырой болғанда, басылған адам, мал немесе автокөлік жоқ.

Жел әлі күшінде.Киік лағының аяқтанар уақыты болғандықтан ел ауызында «Құралайдың суығы» атанып кеткен құбылыс биыл бізде ерте басталған сыңайлы. Өңіріміздегі көнерген желілер мен бағандар табиғаттың бұл сыйынақаншалықты дайын екен?!

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСҚАЛИЕВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале