14.07.2015, 20:28
Оқылды: 61

Құран әліппесі және Құран оқу негіздері бойынша дәріс берді

kyran   Рамазан айы басталғалы бері Сырым аудандық орталық мешіті және Сырым ауданы әкімдігінің бастамасына сәйкес аудандық мешіттің ауласында аудан мекемелерінің ұжымдары күнбе – күн ауызашар ұйымдастырып келеді.

Сырым аудандық орталық мешітінде 1 ай бойына Орал медресесінің шәкірті Бақытжан Сағидоллаұлы Құран әліппесі және Құран оқу негіздері бойынша дәріс берді. Бұл дәрістерге мектеп жасындағы оқушылар мен жергілікті жамағаттың мүшелері қатысты. Ай соңында курсқа қатысушыларға сертификат табысталады.

Осы сияқты аудандық мешітке арнайы келген Астана қаласындағы Сабынды медресесінің жас қарилары Сәбит Жиенбетов пен Хазірет Оразбаев ай бойына оқылған Тарауих намаздарында Қасиетті Құран Кәрімнің параларын жекелеп оқып отырды . Қадір түні күнгі Тарауих намазында Құран хатым жабылып, дұға бағышталды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале