12.09.2016, 11:00
Оқылды: 20

Құрбан айт – құтты мереке

screenshot_2016-09-12-19-41-57-1Теректі аудандық орталық мешітінде мүбәрак мерекенің мінәжатына жиылған халықтың қарасы едәуір көп болды.


Алдымен мешітіміздің бас имамы Халықбек Сыдиықов мерекенің қадір-қасиеті мен мән-маңызы жайында уағыз айтты.
Одан соң тәңсәріден мешітке жиылған жамағатты аудан әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады.
-Бүгінгі күні бәріңізді мұсылман қауымның ұлық мерекесі - Құрбан айтпен құттықтағым келеді. Баршамыздың дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Қамқорлық пен жақсылық атаулыны жүрегімізге орнықтырып, сауапты істерді күн сайын жасауды Жаратқан маңдайымызға жазсын! Алла Тағала бізді осы ынтымақты күнімізден, бейбіт өмірімізден айырмасын! Елдің жүгін арқалаған Елбасымыз аман болғай,-деді өз сөзінде Мұрат Рахметұлы.

Құтты мерекеде ізгі тілектерін білдірушілердің қатарында ауданымыздың сыйлы ақсақалдары С.Қоқашев және М.Төлегенов болды.
Содан кейін жиылған жамағат ниет етіп, айт намызын оқыды. Айт намазынан соң құрбандық шалынып, құрбан еттері жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға үлестірілді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале