13.09.2016, 10:39
Оқылды: 23

Құрбан айт-ұлық мереке

%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d1%82-%d2%b1%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5   Асыл дінімізде мұсылман қауымының екі мейрамы бар. Бірі қасиетті Рамазан айы болса, екіншісі құрбан айт. Осы екі мерекені күллі мұсылман қауымы асыға күтеді десек артық айтқанымыз емес. Бұл күнде Алла разылығы үшін құрбан шалып, ренжіскендер татуласып, ағайын, көрші-қоланның үйіне айттап барады. Рамазан айын артқа тастап бүгін міне құрбан айт мейрамымен мұсылман қауымы қауышып жатыр. Осы ретте бүгін аудандық мешітте айт намазы оқылды.


         Таңсәріден Алла үйіне ағылған жамағаттың қарасы көп болды. Айт намазы оқылмас алдын аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев жиылған қауымға ұлық мерекенің мән-маңыздылығына айтып өтіп, Жаратқанның разылығын көздеп, шалғалы жатқан құрбандықтарыңыз қабыл болсын деді.

         Мұнан соң барша жамағат намазға сап түзеп, сәждеге бас қойды. Намаздан соң құран оқылып, еліміздің аман жеріміздің тыныш болуын сондай-ақ халқымыз қашанда бірлікте, ынтымақтықта, ауызбіршілікте болуына ауыл ақсақалдары дұға тіледі.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале