10.10.2016, 11:21
Оқылды: 55

Құрманкөлдің қасиетті топырағы

%d1%88%d0%b0%d0%bc%d2%93%d0%be%d0%bdҚұрманғазы ауылына қарасты Құрманкөл деген жер бар. Құрманкөлде қазіргі күнде 1 ғана үй қалған. Енді тарихына үңілейік.

Барша жұрт, тіпті күні кеше ғана шетелдіктер таныған Данияр Елеусіновтің үшінші атасы осы жерде дүниеге келсе, сонымен қатар үш «Даңқ» орденінің толық кавалері Қайырғазы Имашев, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ақын, иллюзионист, мүсінші, суретші, сазгер Сағит Садықов, белгілі профессор, тарихшы Исатай Кенжалиев те осы топырақтан жаралған.

Сонымен қатар атақты дирижер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің ата-анасы да осы елді мекенді қоныс еткен. Былайша айтқанда бұл жер халқымыздың атын шығарған қасиетті топырақ деуге болады.
Сондай-ақ Құрманкөлдің қасында ескі зират бар. Үлкендердің айтуынша суреттерде көрініп тұрғандай күні кешеге дейін жылқының қылын қосып тұрғызылған зираттар болыпты. Мал сүйкенген, жауын шайған... Олар құлаған. Үнсіз күйде құлпытастар тұр. Бұл өткен ғасырлардағы бабаларымыздың зираты дейік.
Ал күні кешегі 1980 жылы жерлесіміз Шамғон Қажығалиевтің ата-анасының басына қойған белгі мынандай күйге түскен. Айналасы қоршалмаған. Осыған Бөкей ордасының атқамінерлері бір көз қырын салса, ата-бабалардың рухы риза болар еді. Немесе күні кеше ғана өмірден өткен Шамғон Қажығалиев ағамызды да құрметтегендік болып табылады емес пе?

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале