24.06.2015, 13:18
Оқылды: 24

Құрманғазы атындағы оркестр Тасқалада

Taskala Kyrmangazi orkestri   Маусымның 23-і күні Тасқала ауданына БҚО әкімшілігінің қолдауымен ҚР еңбек сіңірген ұжымы, дүниежүзілік және халықаралық байқаулардың жүлдегері Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы өнер сапарымен келді.

Ақын Қадір Мырза Әлінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кеште оркестр аудан тұрғындарын ән-жырмен, күй-термесімен сусындатты. Ұжымның орындауындағы Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Құрманғазының күйлері көрермендерді ризашылыққа бөледі. Сонымен қатар Ә.Бейсеуовтің, Ш.Қалдаяқовтың әндері орындалған сәтте көрермендер әнге қосылып,  өздерін өнерді білетін, бағалайтын жандар ретінде көрсете білді.

Өнер кеші Құрманғазының  «Балбырауын» күйімен аяқталып, сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары С.Серғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов өнерпаздарға ризашылығын білдіре отырып, ұжымның директоры Нұрғиса Дәуешевке алғыс хат табыстады.

www.zhaikpress.kz

Манас ӘЖІҒАЛИЕВ

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале