15.07.2015, 17:32
Оқылды: 19

Құрметпен шығарып салды

Janakala kyrmetpen shigarip saldi  Жаңақала ауданы әкімі Л.Хайретдинов көршілес Ақжайық ауданына қызмет бабымен ауысып жатқан Жаңақала аудандық кірістер басқармасының басшысы Бақытжан Қартабаевқа аудан активінің алдында Алғыс хат табыстап, құрметпен шығарып салды.

Өз қызметін аса жауапкершілікпен атқаруының арқасында өткен жылы салықтан түсетін түсімдер көлемі ұлғайып, ауданның жергілікті бюджетінің кірістер бөлігі 103,5 пайызға орындалды. Өзіндік кіріс бөлігінің өсуі – жергілікті атқару органдарының да, кірістер басқармасының да жұмысындағы басты міндеттердің бірі.Осы жауапты қызметін мүлтіксіз орындап,аз уақыт аралығында білімді маман, жоғары ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Бақытжан Сәлімғалиұлының атқарған жоғары қызметіне алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

         www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале