19.08.2015, 11:45
Оқылды: 32

Құрмет көрсетті

МитрохинаБүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлы Отан соғысының және медицина қызметінің ардагері Алевтина Митрохинаны қабылдады. Ол 14 тамызда мерейлі тоқсан жасқа толған еді.

Ардагерді жылы шыраймен қабылдаған Нұрлан Асқарұлы мерейтой иесіне гүл шоғын табыс етті және емен жарқын әңгімелесті.

Орал қаласының байырғы тұрғыны Алевтина Тимофеевна Сарытау облысының тумасы. 1942 жылы медбике ретінде әскер қатарына аттанып, соғыстың аяғына дейін  кәсіптік міндетін жанқиярлықпен атқарды.

Соғыстан  соңғы жылдары Орал медучилищесін бітіріп, кейін сонда қалып, зертханашы,  соңынан медбике ісі мен хирургиядан сабақ берді. Майдандық марапатты бейбіт өмірдегі өңірге тағар белгілер толықтырды.

Зейнетке шыққаннан кейін де белсенді қоғамдық қызметтен қол үзген жоқ. Көп жыл бойы «Фронтовичка» әскери-отаншылдық клубын басқарып, жастар арасындағы жұмыста белсенділігімен танылды. Қазір үш қызынан көрген ұрпағының қызығына бөленуде.

-Өңір басшысының зор ілтипат көрсетіп, қабылдағанына ризамын. Біздің әңгімеміз соғыс пен бейбітшілік, өмір тақырыбында өрбіді. Жас ұрпақтың әскери-отаншылдық тәрбиесі де назарымыздан тыс қалған жоқ. Ендігі айтарым-қашанда еліміздің аспаны ашық болсын! Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, туған жерін сүйсін, оны аяласын! Бәріңе де бақыт пен қуаныш, еңбекте табыс тілеймін!,-деді кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында Алевтина Митрохина.

www.zhaikpress.kz

СЕРІК ІЗБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале