21.05.2015, 11:07
Оқылды: 20

Құрмет көрсетті

Janakala kyrmet korsetti  Мереке қарсаңында туған жерге келіп, Отан үшін от кешіп, қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жерлес майдангерлерге құрмет көрсетуді басты парызы тұтқан ҚР Парламентінің депутаты Рашит Ахметов жаңақалалық ардагерлердің шаңырағында болып, оларды Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесімен арнайы құттықтады.

Ол алдымен ардагер Мұрат Мирмановтың үйіне барып, жағдайын білді. Нағыз соғыстың ортасында болған майдангердің ерлігіне бас иіп, құрмет көрсетті. Сол күні сенатор М.Жаданов пен А.Қойысовтың да шаңырағында болып, кездесу барысында ардагерлердің денсаулығы туралы сұрастырып, естелік сыйлық табыстады. Ардагерлер Елордадан арнайы құттықтай келген мейманға соғыстың ауыр жылдары туралы әңгімелеп беріп, майдангерлерге көрсетіп жүрген ерекше құрметі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын айтты.

Кездесу соңында Рашит Сайранұлы ардагерлердің ерлік пен беделдің және батырлықтың жарқын үлгісі екенін атап өтіп, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

 www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале