3.10.2016, 18:29
Оқылды: 22

Құрмет көрсетілді

%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d1%81%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96  Орал қаласындағы «Асем» мейрамханасында Халықаралық қариялар күніне орай ас берілді. 1991 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 1 қазан Халықаралық қариялар күні болып тойланып келеді. Аталмыш мейрамда аз қамтылған жандар, қариялар, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер басты назарда болып, оларға әлеуметтік-тұрмыстық және материалдық көмектер көрсетіледі.


 Бұл күн, елімізде «Егде адам күні» деп аталады. Ағымдағы айда өткізілетін «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы шеңберіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүгедектер мен зейнеткерлерге арналған әлеуметтік орталықтың ұйымдастыруымен «Асем» мейрамханасында қарттарға арналып дастархан жайылды. Онда қалалық жұмыспен қамту бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары Сәуле Шоланова қатысып, келген қонақтарды мерекелерімен құттықтады.

- Қарттарымызды құрметтеу біздің басты парызымыз. Оларға әрдайым көңіл бөліп отыруымыз қажет. Осындай мейрам күндерін пайдаланып Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне дастархан жайып отырмыз. Бір-бірімен дастархан басында кездесіп көтеріңкі көңілмен отырғандарын көріп бізде қуанышқа бөлендік. Қарияларымызға арналған шараға демеушілік білдірген «Асем» мейрамханасының меңгерушісі Зайра Хамитоваға алғысымды білдіремін. Қарттарымыз әрдайым аман жүрсін, –дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен зейнеткерлерге арналған аумақтық әлеуметтік орталығының директоры Арман Дәулетов.

 -Біз сияқты үлкендерге құрмет көрсетіп жатырған ұйымдастырушыларға көп рахмет айтамын. Тәтті тағамдардан ауыз тиіп, өнерпаз балаларымыздың әндерін тыңдап марқайып отырмыз. Зашаған кентінде тұрсамда, осындай игі шарадан қалғым келмеді. Замандастарыммен әңгіме дүкен құрып отырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- дейді зейнеткер Социал Пұсырман.

 Шара барысында жастар мәдениет үйінің әншілері мен «Ақжелкен» балалар аула клубының жас өнерпаздары қарияларымыздың алдында ән шырқап көңілдерін бір серпілтті. Демеушілер атынан қарттарға сый-сияпат көрсетілді.

 

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале