23.02.2016, 17:35
Оқылды: 20

Құрылыс қарқын алуда

 Brifing Kaz Oral  «Қазақстан-Орал» телеарнасында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасарлары Тимур Басаров, Азамат Ағалеуовтің қатысуымен брифинг өтті.

     Жиын барысында белгілі болғандай, өткен жылы өңірімізде құрылыс нысандарын салуға 14,5 млрд.теңге бөлінген.


  Бұл қаржыға 261,8 мың шаршы метр тұрғын жай іске қосылды. Ал Ұлттық қордан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына бағытталған қаржы Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бағытындағы жаңа шағын аудандардағы квартал ішілік жолдар, инженерлік желілер салуға, абаттандыруға жұмсалған.

         Биыл қолға алынатын жұмыстарға келсек, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 772,5 млн. теңге қаржы бөлінді. «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» АҚ-мен 144 пәтерлі тоғыз қабатты бір үйді іске қосу жоспарлануда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына Ұлттық қордан 1,112 млрд. бөлінді. Бұл қаржы негізінен Ақсай қаласындағы Қарашығанақ 1 жаңа шағын ауданына инженерлік желі тартуға бағытталмақшы.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале