31.03.2016, 12:57
Оқылды: 31

Құстар –табиғат пен өмірдің көркі.

Terekti kystar      Құстар –табиғат пен өмірдің көркі.  Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған. Ең алғаш бұл мереке 1894 жылы АҚШ-та өткізілген. Ал халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.


     Теректі ауданында да бұл мерекені жыл сайын ұмыт қалдырмайды. Ауылдардағы мектептердің оқушылары мен ұстаздар қауымы бір кезек табиғаттың таңғажайып жаратылысына мән беріп, ұяларын жаңартып, қамқорлық көрсетеді. Сонымен қатар  жас экологтар мен оқушылар арасында «Құстар-біздің досымыз» сияқты  сайыстар, құстар тақырыбында  интеллектуалды эстафета, сөзтізбек, басқатырғыш сынды сынақтардан өтуді әдетке айналдырған.

      Мысалы, суреттегі Ақсуат ауылының жастары көктемнің керемет мерекесіне өзіндік үн қосуды мақсат еткен. Олар қолдарына балға мен шеге алып, ағаштан құстарға әсем ұя жасауда. Осындай үлгі аларлық істер ауданымыздың көптеген селолық округтерінде де жалғасуда.

      Олай болса, құстай ұшып жүрген құс мінезді, құс ұйқылы қауымды Құстар күнімен құттықтай отырып, көктегі құстай еркін болыңыздар дегіміз келеді.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале