25.03.2016, 15:22
Оқылды: 35

Құтыруға қарсы шаралар

 Bokei kytiruga karsi sharalar  Өткен жылы Бөкей Ордасында 65 адам жануарлардан зардап  шегіп, антирабиялық көмекке жүгінсе, яғни, құтыруға қарсы екпе алса, олардың 48-і ер, 17-cі әйел адам. 2-еуі бес жасқа, 16-сы он төртке дейінгі балалар, 3-еуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер.


Ауылдық  округтерге бөлсек, сайқындықтар − 27 , ордалықтар – 8, бисендіктер – 15, саралжындықтар – 3,  бөрліліктер – 2, ұялылықтар – 3, мұратсайлықтар – 7 адам. Осы  65 адамның ішінде итке қабылғаны – 43, мысыққа тырналғаны – 4, жылқыға тістелгені – 3, ине  тығып алған – 1,  кұтыру ауырына  күдікті малмен  қарым-қатынаста болған – 14. Олардың 60-ы 4 күн  аралығында, 2-еуі бір апта ішінде дәрігер көмегіне  жүгінсе, қалған 3-еуі  бір айдан соң келген. Ұялы  ауылдық округінің, Кеңой елдімекені мен Мұратсай ауылының бір-бір ірі қарасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде құтыру ауруының қоздырғышы анықталды.

  www.zhaikpress.kz

Р.Бақытова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале