16.10.2015, 16:00
Оқылды: 17

Құтқарушылар күніне арналды

 

куткарушыБүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында биыл 19 қазанда құрылғанына 20 жыл толатын «Құтқарушылар күніне» арналған дөңгелек үстел оздырылды.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Еліміздегі жетекші партияның «Stop-қылмыс» жобасы шеңберінде өткен басқосуда аудандық №20 өрт сөндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Есентаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Мирлан Күлтенов аталған мекемелерде атқарылып жатырған жұмыстарды баяндап,   «Құтқарушылар күні» мерекесіне арналып өткізілетін шаралар жоспарымен таныстырды.

Дөңгелек үстел басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасының басым бағыттарын қамтыған баяндама жасады.

Жиында сондай-ақ аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Армангүл Аққойшина мен осы аурухананың медициналық-әлеуметтік қызметкері Жадыра Жұмабаева жиналғандарға салауатты өмір салтын орнықтырудағы зиянды факторлар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Шара соңында аудандағы құтқару қызметінде ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатырған Жамбыл Хамзинге төтенше жағдайлар министрлігінің төсбелгісі табыс етілді.

 www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале