26.10.2015, 10:07
Оқылды: 19

“Құқықтық мемлекет және оның азаматтары”

заманЖәңгір хан атындағы БҚАТУ тарихи-этнографиялық музейінде “Заман” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мемлекет және оның азаматтары» тақырыбында семинар өтті.

Шараның мақсаты – қоғам арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзылушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру .

Семинар БҚО ішкі саясат басқармасының “Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы, Департамент қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде оздырылды.

Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалы, БҚО прокуратурасының экстремизм және терроризимге қарсы күрестің заңдылығын қадағалау бөлімі БҚО ішкі саясат басқармасы өкілдері және жастар ұйымының мүшелері, студенттер қатысты.

Қатысушыларға “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің нормаларының сақталуы, ”Жас Отан” Жастар қанатының өткізіп жатқан шаралары жөнінде айтылды.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы “Жиһангер” бастауыш партиясының төрағасы Н.Ж. Төлепов құқық бұзушылықтың алдын алуды қазақ халқының тарихымен ұштастырды. Қазақ халқы ежелде “Армысың?”деп амандасқан, яғни “Арың таза ма?” сұраған. Бұл халқымыздың кез келген жат қылықтан аулақ болуға шақырудың жолы екенін көрсетеді.

Семинар қонақтарға Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейін таныстырумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале