24.11.2016, 13:28
Оқылды: 35

Қаламгерді ұлықтады

%d1%80%d0%b0%d1%85%d1%8b%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bdБүгін М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жазушы және драматург, талай марапаттың иегері Рахымжан Отарбаевты 60 жасқа толуына орай ұлықтау шарасы болып өтті.


Шараны аталмыш оқу орнының профессоры, ғылым докторы, профессор Абат Қыдыршаев ашып, жүргізіп отырды.

«Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Қала әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөзінде Отарбаевқа арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның рухани маңызына тоқталды.

Осындай алқалы басқосуды ұйымдастырған БҚМУ-дың ректоры А. Иманғалиев пен бүкіл ұжымға алғысын айтты.

Алаштың алыптарының жолын қуған Рахымжан Отарбаевтың ұлттың рухын көтеру жолындағы шығармашылық еңбегін айырықша атап көрсетті. Соңынан Орал қаласы әкімдігінің атынан мерейтой иесіне диплом тапсырды, кәдесый тарту етті.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d1%80%d0%b0%d1%84%d1%85%d0%b0%d1%82%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0-209БҚМУдың байырғы ұстазы, осы оқу орнында дәріс алған Рахымжан Отарбаевтың кураторы болған Меруерт Жолдықайырова өзінің шәкіртін қашан да мақтан ететінін ұстаздық сезіммен айтты. Әрі Рахымжан Отарбаевтың студенттік жылдардағы өнегелі өмірі мен үлгісі туралы естелігімен бөлісті, шәкіртіне ақ батасын берді.

Рахымжан Отарбаевтың курстасы Шайхолла Елемесов те бірге өткен жылдар жайынан сыр шертті.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мереке Құлкенов үш роман, сан алуан әңгіме жазған Рахымжанның жазушылық және журналистік зертханасына қысқаша талдау жасады.

%d1%80%d0%b0%d1%85%d1%8b%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bd-1Университет ректоры Асхат Иманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, Рахымжан Отарбаевқа «М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессоры» атағын берді және куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Ақын және жазушы, облыстық соттың қызметкері А.Шахин қаламгерге шынайы лебізін білдіріп, өлеңін арнады.

Студенттер мен мектеп оқушылары жазушы шығармаларынан үзінді оқыса, оқытушылар оның жазушылық сан алуан қыры жайында баяндамаларды жиналғандар назарына ұсынды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның соңы секциялық отырыстарға ұласты.

Серік Ықсанғали

Суретті түсірген Рафхат Халелов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале