«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, 6 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандардың, электр желілері мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қолға алынуда.