12.12.2016, 16:25
Оқылды: 26

Қазталовта «Әулет» сауда маркеті ашылды

aulet-1Бүгін Қазталов ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және "25 игі іс" аясында «Әулет» шағын сауда маркеті ашылды.


 

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев пен аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

auletШағын маркеттің иесі «Рахматуллин» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Ғазиолла Рахматуллин нысанның құрылысына өз қалтасынан 11 млн. теңге қаражатын жұмсап, ауыл тұрғындарын қажетті тауарлармен қолжетімді бағамен қамтып отыр.

Сауда нысанының ашылуына келген тұрғындар өздеріне керекті тауарларды сатып алып, қуанышты көңіл-күйде тарап жатты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале