12.11.2015, 10:07
Оқылды: 24

Үздіктер марапатталды

 

SONY DSC

Салауатты өмір салтын ұстану, спорттың бұқаралық сипат алуына үлес қосу мақсатымен жуырда аудандық БЖСМ волейболдан аудандық чемпионат өтті. Оған ауыл-ауданнан 10 команда қатысып, тартысты да шебер ойын өрнегін көрсетті. Әр командаға қолдау көрсетіп отырған жанкүйерлер де аз болған жоқ.

Ойын соңында үздік командалар да суырылып алға шықты. Ақтық кездесуде өзара сынға түскен командалар ішінен І орынды Белогор ауылдық округі, ІІ орынды аудандық білім беру бөлімі, ал ІІІ орынды аудандық ішкі істер ұжымының қызметкерлері иеленді.

Жарыс кезінде үздік ойын көрсете білген, техникалық әдіс-айласымен көзге түсіп, жанкүйерлердің көзайымына айналған ойыншылар да анықталды. Нәтижесінде  үздік ойыншы ретінде Е.Тулеушев, ең іздік шабуылшы болып Р.Беркутов, ал ең үздік байланыстырушы  деп Т.Ақбалиев танылса, ең үздік ойыншы атағын Б.Жарылғасов иемденді.

Волейбол ойынын насихаттауға үлес қосқан барлық командалар мен ұжымдарға аудан әкімі А.Халелов алғыс білдіре келе, Шыңғырлау спорт клубы атынан кубок және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Шымыр мен епті болуға баулитын осындай спорттық кездесулер алдағы уақытта да жалғаса бермек.

www.zhaikpress.kz

А.Тағаниязов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале