25.05.2016, 10:32
Оқылды: 23

Үздіктер марапатталды

 Karatobe yzdikter sherui  Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығында оқу жылының аяқталуына орай «Үздіктер шеруі» салтанаты оздырылды.

  Негізінен алғанда, қосымша білім беру ұйымдары баланың мектептен алған білімін одан әрі дамытып, шығармашылығын шыңдап, оны белгілі бір өнер түріне, спортқа немесе кәсіпке бейімдейді.


   «Үздіктер шеруінде» алғашқы боп аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Арай Нұрсұлтанова құттықтау сөз сөйлеп, үйірме мүшелерінің жыл ішінде жеткен жетістіктерін атап өтіп, алдағы жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектестігін жеткізіп, орталықтың қосымша білім беру педагогы Мұхтархан Жұмағалиевты аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

  Салтанатты жиында республикалық, облыстық туристік-экологиялық слеттар мен экскурсиялық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары  «Жыл үздіктері» шеруін құрауымен ерекшеленді.

    Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы  директорының міндеттін атқарушы Нұрлан Меңдешов балаларды өлкетану, туризм бағытындағы жеткен жетістіктерімен құттықтап, бірқатар қосымша білім беру педагогтарына марапат ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале