20.06.2016, 10:47
Оқылды: 24

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ   Қазталов аудандық мәдениет үйінде «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне арналған мерекелік шара өтті. Дөңгелек үстелге үздіктермен бірге олардың ата-аналары, мектеп директорлары, ұстаздары да қатысты. Салтанатта сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- ауданымыздан 5 «Алтын белгі» және 18 «Үздік аттестат» иегерлерін  құттықтай отырып, алғаш рет Қоныс орта мектебінен «Алтын белгі» иегерінің шыққанын атап өтті.


  Салтанатта «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгі және облыс, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.Олардың ата-аналары, ұстаздары, мектеп директорлары да  құрметтен тыс қалған жоқ. Сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлеріне Хаби Жақып қорының  атқарушы жетекшісі Нариман Тлепов ақшалай грантын тапсырды. Бұнымен қатар «Үздік аттестат» иегерлеріне де сыйлықтар табысталды. Салтанатта «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері Сержан Хамидуллин мен Ждан Сұңғатәлі, сондай-ақ ата-аналар, мектеп жетекшілері сөз алып, ақ тілектерін арнады.

    Дөңгелек үстелде  түлектермен ашық әңгіме өрбіп, қызықты ой-пікірлер ортаға салынды.

   Үздіктерге арналған салтанатты шара ән- жырмен өріліп, мазмұнын аша түсті.

   Осындай мәнді шараны ұйымдастырған аудандық білім бөліміне ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

   Шараның соңы «Достық» саябағындағы шаңырақ астында ескерткіш суретке түсумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале