6.09.2015, 12:59
Оқылды: 18

Үздік бастауыш партия ұйымы анықталмақ

ZH    «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұймыдарының жұмысын жетілдіру жолында қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Партия үшін биыл «Бастауыш партия ұйымдарының жылы» болып жарияланды.

Партия жұмысының негізгі тірегінің бірі бастауыш партия ұйымдары. Сондықтан, партия нығая түсуі үшін бастауыш партия ұйымдарының жұмысын да жетілдіру керек. Қазір мақсатты түрде, жаңа үлгіде жұмыстар жүргізіліп, бағдарламалар қабылданып іске асуда. Соның бірі «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық конкурсының өткізу болмақ. Оқырманға түсінікті болуы үшін айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының бастамасымен барлық бастауыш партия ұйымдары қатысатын республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» конкурсы жарияланып отыр. Аталмыш конкурсытың аумақтық деңгейі Тасқала ауданында 20 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Аудандық филиалға қарасты он екі бастауыш партия ұйымының барлығы да аталған конкурсқа қатысуға ниетті. Бүгінгі күнде қажетті құжаттар жинақталу үстінде.

Конкурстың І және ІІ кезеңінің яғни аумақтық және аймақтық конкурстың жеңімпаздары арнайы бекітілген үлгідегі диполоммен, ал, ІІІ кезеңнің жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады. Алған орындарына қарай бірінші орын 1 млн., екінші және үшінші орындар 500 мың және 300 мың теңге сыйақы алады.

www.zhaikpress.kz

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале