3.09.2015, 16:51
Оқылды: 34

«Үздік жас отбасы» байқауы

Yzdik otbasi baikauiАқжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы мәдени-демалыс орталығында «Үздік жас отбасы» аудандық байқауы өткізілді. Отбасы күні қарсаңында өткізілген бұл шара халқымыздың жанұялық құндылықтарын насихаттауға арналды.

«Отбасылық альбом» немесе «Өнеге – отбасынан» (әр жұп өз жанұясын бейнефильм арқылы таныстырады), «Таң қалдырыңыз» – үй тапсырмасы, «Отбасы – бақыт ордасы» – сұрақтарға жауап беру, «Қазағымның қазынасы» – ұлттық киім үлгісі (өзіндік ерекшелігімен), міне, осындай шарттармен сынға түскен жұптар балаларымен бірге өздерінің білімдерін, ұмтылыстарын көрсетті. Жамбыл ауылдық округінен Жасұлан-Гүлбаршын Ақмышевтар үй іші – «Жаңашыл отбасы», Ақжол ауылдық округінен Ақболат-Назым Сельбаевтар үй іші – «Өнерлі отбасы», Базаршолан ауылдық округінен Хасан-Мейрамгүл Теміровтар үй іші – «Өнегелі отбасы» аталымымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Жайық ЖЕЛЕК

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале